AA+
AA+

КМҰТП ғылым, экологиялық мониторинг және ақпарат бөлімі фенологиялық алаңдарда бақылау жүргізетін мемлекеттік инспекторлар үшін оқыту семинарын өткізді. Семинар екі бөлімнен тұрды — теориялық және практикалық. Әріптестерді белгілі бір табиғи құбылыстарды түсіретін жеке телефондарымен, дәлірек айтқанда, оларға салынған камералардың қызметтерімен таныстыру өте маңызды болды. Бақылаушылар күнделіктер мен фенобланктердегі өзгерістерді ғана емес, сонымен қатар бөлімге смартфондар немесе камералар арқылы алынған фотоматериалдарды ұсынады. Оқудан кейін инспекторлар ұсынатын фотоматериалдың сапасы әлдеқайда жоғары болады деп үміттенеміз.