Сарғыш эдельвейс (Leontopodium ochroleucum) – Алтайдың нәзік жауһары
Сарғыш эдельвейс – Алтайдың биік шыңдары мен қия жартастарында өсетін ерекше әрі сирек кездесетін гүл. Қатал табиғатқа төтеп беріп, асқар таулардың баурайын көркемдікке бөлейтін бұл гүл табиғаттың сұлулығы мен өміршеңдігінің символы іспетті.
Әрбір күлтесі Алтайдың саф ауасын, самал желін және тұмса табиғатының сұлулығын бейнелейді. Сарғыш эдельвейсті Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің таулы өңірлерінен кездестіруге болады.



