AA+
AA+

Катонқарағай ұлттық паркі аумағында 2023 жылдың 6-шы қарашасынан бастап өрт қауіпті кезеңі аяқталуына байланысты, өрт қауіпті кезеңнің қорытындысын талқылау үшін, орталық кеңсе ғимаратында кеңейтілген аппараттық кеңес болып өтті. Жиналысқа  аудандық Төтенше жағдай бөлімінің маманы Н.Арманұлы, Катонқарағай әуеден орман қорғау бөлімшесінің нұсқаушысы Д.Блинов, Катонқарағай, Белқарағай, Ақсу, Коробиха, Өрел, Жамбыл, Аққайнар ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.