Өрт қауіпсіздігі – бәріміздің жауапкершілігіміз!
Ұлттық парк аумағына келген демалушылар мен жергілікті тұрғындарға табиғатта серуендеу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әңгіме барысында от жағуға тыйым салынған аймақтар, қоқыс қалдырмау және өрттің алдын алу шаралары түсіндірілді. Ақпараттық парақшалар таратылып, ережелерді сақтау маңыздылығы ескертілді.
Табиғатты бірге қорғайық!