Құрметті келушілер!
KZ16-01 «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 437–450 шақырым аралығында негізгі құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2026 жылғы 8 маусымнан бастап күн сайын сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Осыған байланысты «Рахман қайнары» туристік маршрутына дейінгі жол уақытша шектелгенін хабарлаймыз.
Шектеулер құрылыс жұмыстары толық аяқталғанға дейін сақталады. Сапарларыңызды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.



