AA+
AA+

Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің бастығы Самат Елемесов «Рахман қайнары» туристік бағытының келушілерімен кездесіп, өзара пікір алмасты.

Кездесу барысында келушілерге жол құрылысына байланысты туындап жатқан уақытша қолайсыздықтар мен қозғалыс тәртібі туралы түсініктеме берілді. Сондай-ақ, ұлттық парк аумағына кіру ережелері мен төлем тәртібіне қатысты сұрақтарға жауап беріліп, демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді.

Табиғатты бірге қорғап, өзара сыйластық танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!