Бүгін Аршаты орманшылығы мен Аршаты орта мектебі базасында қар барысы популяциясын сақтау және жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында «QAR BARYSY» мәдени-спорттық фестивалі өтті.
Бағдарламада командалардың таныстырылымы, капитандар байқауы, фототұзақ орнату бойынша шеберлік сыныбы және спорттық эстафета өтті.
Фестиваль жеңімпаздары:
Гран При — Аршаты орта мектебі
1 орын — Берел орта мектебі
2 орын — Өрел орта мектебі
3 орын — Қайыңды негізгі орта мектебі
Барлық қатысушыларға, ұстаздарға және инспекторларға белсенділік пен табиғатқа деген сүйіспеншілігі үшін алғыс білдіреміз.



