Биылғы жылы дәстүрлі «Парктер шеруі» акциясын біз ерекше форматта бастадық — ең кішкентай табиғат жанашырларынан!
Ұлттық парк қызметкерлері балабақша тәрбиеленушілеріне арнап құстарға арналған ұялар жасау бойынша шеберлік сағатын өткізді. Балалар үлкен қызығушылықпен қатысып, өз қолдарымен жасаған ұяларды ауладағы ағаштарға бірге ілді.
«Парктер шеруі» акциясы жыл сайын наурыз-маусым айлары аралығында өткізіліп, табиғатты қорғауға бағытталған түрлі іс-шараларды қамтиды.



