AA+
AA+

Аудандық мәдениет үйінде «Парктер шеруі – 2026» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясындағы салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара барысында табиғатты қорғау ісіне, экологиялық ағарту жұмыстарына және жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру бағытында белсенділік танытқан серіктес ұйымдар, орманшылықтар, білім беру мекемелері мен акцияға қатысушылар марапатталды.

Табиғатты қорғау саласындағы нәтижелі ынтымақтастықтары мен қоршаған ортаны сақтауға қосқан үлестері үшін барлық серіктестерімізге, қатысушыларымызға және қолдау білдірген азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз.