Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің ұйымдастыруымен “Парктер шеруі – 2025” халықаралық табиғатты қорғау акциясының салтанатты ашылуы өтті! Шара Катонқарағай Мәдениет үйінде ұйымдастырылып, табиғатты аялауға үндейтін тамаша бастамаға айналды. Ауданымыздың білім беру мекемелерінің дарынды өнерпаздары өз өнерлерімен көрерменді қуантты. Бұл — табиғатты қорғауға бағытталған ортақ ұмтылысымыздың, жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігінің айқын көрінісі.
Табиғатты сақтау — болашаққа деген қамқорлық. Парктер шеруі — тек акция емес, бұл жүректен шыққан үн, жасыл әлемге деген махаббат!