Катонқарағай ұлттық паркінің орманшылықтарында халыққа отындық ағаш босату жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда.
Инспекторлар тұрғындарға заңдастырылған отын алу мүмкіндігін қамтамасыз етуде. Ағаш босату процесі арнайы белгіленген мөлдектерде жүргізіліп, кесілген ағаш қалдықтарынан тазарту, қауіпсіздікті сақтау және орман қорының тиімді пайдаланылуы қатаң бақылауда ұсталады.
Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты — халықты қажетті отынмен қамтамасыз ету, сондай-ақ орман алқаптарының экологиялық тепе-теңдігін сақтау.



