Алтай орманшылығының 1-ші орман шебер бөлімі 62, 63, 64-орамдарда орманпатология жұмыстарын жүргізді.
Негізгі мақсат – орманның саулығын тексеру, зиянкестерді анықтау және аурулардың алдын алу.
Тексеру барысында орманға қауіп төндіретін биотикалық және абиотикалық факторлар, әсіресе саңырауқұлақ аурулары мен оларды тарататын жәндіктер анықталды.
Бұл жұмыстар – табиғатты қорғаудың маңызды қадамы. Орманды дер кезінде тексеріп, аурудың алдын алу арқылы жасыл байлығымызды келешек ұрпаққа аман жеткіземіз.