2025 жылғы 21 сәуірде Катонқарағай ұлттық паркінің орталық кеңсесінде Бас директор Ж.Б. Тыныбековтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Жиынға мекеменің басшылық құрамы — директордың орынбасарлары, құрылымдық бөлім басшылары, инженерлер, филиал директорлары мен заңгерлер қатысты. Аппараттық кеңестің күн тәртібіне орманды қорғау, ұлттық парктің ішкі қызметін жетілдіру және биотехниялық іс-шаралардың орындалу барысы бойынша бірқатар маңызды мәселелер енгізілді.
Атап айтқанда:
1. Ұлттық парктің кәдесый цехының жұмысын жетілдіру — экотуризмді дамыту аясында кәдесый өнімдерінің сапасы мен өндіріс көлемін арттыру жолдары қарастырылды. Бұл бағытта жергілікті шеберлермен жұмыс, жаңа дизайн үлгілері мен сатылым арналарын кеңейту мәселелері қозғалды.
2. 2024–2025 жылдардағы биотехниялық іс-шаралардың орындалуы бойынша есеп — жануарлар әлемін қолдау мақсатында жүзеге асырылған жұмыстар (қосымша азықтандыру, тіршілік ету ортасын жақсарту) сараланып, алдағы кезеңге жоспар түзілді.
3. Ағымдағы мәселелер — ұлттық парктің құқықтық, ұйымдастырушылық және өндірістік қызметіне қатысты түрлі бағыттар бойынша ұсыныстар мен шешімдер талқыланды.
Мұндай аппараттық кеңестер парктің тұрақты дамуы мен тиімді басқарылуына ықпал етіп, орман ресурстарын сақтау ісінде маңызды рөл атқарады.