Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлеріне орман өрттерін сөндіруге арналған оқу бағдарламасы аясында теориялық дайындық деңгейін анықтау мақсатында тестілеу өткізілді.
Іс-шараны ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының орман және ЕҚТА бөлімінің бас маманы Ерсалин Д.С. және ШҚО Катонқарағай аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Арманов Н.А. бірлесіп ұйымдастырды.
Тестілеуге мемлекеттік орман күзеті мен орман өрт сөндіру станцияларының басшылық құрамына кірмейтін қызметкерлер қатысты.
Орман қауіпсіздігі — сапалы дайындық пен жоғары жауапкершіліктің кепілі.



