AA+
AA+

Катонқарағай ұлттық паркінде орман орналастыру жұмыстарының далалық кезеңі сәтті аяқталды! Маусымның 6-нан қазанның 15-не дейін созылған бұл маңызды жұмыс орманды ұтымды пайдалану, қорғау, молықтыру және орман шаруашылығының тиімділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылды.

Орман орналастыру жұмыстары табиғат қорғау шараларының құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл жұмыстар аясында орман ресурстарының жағдайы мен динамикасы зерттеліп, орман қоры жерлерінің есебі мен түгендеу құжаттары, орман карталары жасалды. Сонымен қатар, орман ресурстарын пайдаланудың барлық түрлері, өсіріп-өндіру, орманды күзету мен қорғаудың ғылыми негізделген мөлшері анықталды.

Ұлттық парктің 5 филиалында Қазақ орман орналастыру кәсіпорнының 31 маманы аталған жұмыстармен айналысты. Олар орманның экологиялық жағдайын жақсартуға, орман ресурстарын тиімді пайдалануға және табиғаттың сақталуына үлкен үлес қосты.