AA+
AA+

    Владимир Михайлович Воробьев 1959 жылғы 24 тамызда Катонқарағай ауылында дүниеге келген. Ол өмірінің жартысынан көбін өртпен күреске арнады. Орман авиациясында қызмет етіп, өртті сөндіру арқылы ормандарды, таулар мен талай жануарларды аман алып қалды. Алайда, зейнетке шыққан соң, табиғатқа деген сүйіспеншілігі оны жаңа бағытқа алып келді – ол туған өлкенің құстарын зерттеуге ден қойды.

    2009 жылдан бастап Владимир Михайлович орнитологияға шындап қызыға бастады, ал 2019 жылдан бері Катонқарағай ұлттық паркінің ғылым, экологиялық мониторинг және ақпарат бөлімінде жұмыс істейді. Қазір оның басты ісі – құстарды бақылау, олардың популяциясын зерттеу және сирек кездесетін түрлерін фотоға түсіру. Ол ұлттық парктегі және оған жақын аумақтардағы құстардың таралуын мұқият зерттеуде. Оның ғылымға қосқан үлесі орасан зор. Владимир Михайлович Қазақстанның Қызыл кітабына Алтай ұлары мен дөңтұмсық тұрпан секілді екі сирек кездесетін құсты енгізуге қосалқы автор ретінде енгізілді. Оның зерттеулері Шығыс Қазақстанның бірегей табиғатын сақтауға және құстардың мекен ету ортасын қорғауға үлкен үлес қосып келеді.

         Халықаралық Орнитолог күні біз Владимир Михайлович Воробьев секілді жандарға шынайы алғысымызды білдіреміз – олар жабайы табиғатты зерттеу мен қорғау жолында аянбай еңбек етіп келеді!