AA+
AA+

Өртке қарсы минералды жолақтарға күтім аяқталды.

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бойынша 2024 жылға өрт қауіпті кезеңге жоспарланған,192 км өртке қарсы минералды жолақтарға 3 реттік күтім жүргізу жұмыстары аяқталды. Арнайы өңделген минералды жолақтар өрттің таралуын тоқтату үшін жасалады. Өрт кезінде жалынның кеңеюіне жол бермейтін тосқауыл ретінде қызмет етеді. Бұл жолақтарда өсімдіктер немесе жанғыш материалдар толықтай жойылады, осылайша өрттің одан әрі таралуы қиынға соғады.

Әдетте жолақтың ені 4 метр болады, жергілікті жағдайға байланысты. Оған техникалық күтім жасалады, өйткені өсімдіктер қайтадан өсе бастауы мүмкін.