AA+
AA+

Катонқарағай ұлттық паркінің мемлекеттік инспекторлары парк аумағында орман өрттерінің алдын алу мақсатында минералды жолақтар жасау жұмыстарын жүргізуде.

Минералды жолақ – бұл топырақтың үстіңгі өсімдік жамылғысы алынып, жалаңаш минералды қабаты ашылатын арнайы қорғаныс белдеуі. Оның басты мақсаты – орман немесе дала өрті болған жағдайда оттың әрі қарай таралуына тосқауыл қою. Қазіргі таңда мемлекеттік инспекторлар арнайы техниканың көмегімен минералды жолақтарды жаңарту және жаңадан жасау жұмыстарын жоспарға сәйкес жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстар өрт қауіпті кезеңде ұлттық парк аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды профилактикалық шаралардың бірі.