AA+
AA+

Катонқарағай ұлттық паркінің ғылым, экологиялық мониторинг және ақпарат бөлімінің басшысы — Габдуллина Алия Уланбековна — үшін кітап оқу бұрыннан тек кәсіби қажеттілік қана емес, өмірінің ажырамас бөлігіне айналған ерекше құндылық. Ол үшін әрбір кітап — жаңа ой, жаңа көзқарас, жаңа мүмкіндік.

Ғылым саласында еңбек ету — үлкен жауапкершілік. Бұл сала үздіксіз ізденісті, арнайы әдебиеттерді тұрақты оқуды, деректерді саралауды және кәсіби тұрғыда дамуды талап етеді. Алайда, тығыз жұмыс кестесіне қарамастан, Алия Уланбековна көркем әдебиетке де ерекше көңіл бөледі. Өйткені көркем шығармалар адамның ішкі дүниесін байытып, қиялын кеңейтіп, табиғатты тереңірек түсінуге ықпал етеді.

Кітап оқу арқылы ол тек білім алып қана қоймай, шабыт жинайды, жаңа идеялар табады және өз жұмысында — табиғатты қорғау, экологиялық ағарту бағытында — тиімді пайдаланады. Оның айтуынша, жақсы кітап — адамды ойлануға, сезінуге және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үйрететін ең мықты құралдардың бірі 

Алия Уланбековнаның кітап сөресі — әртүрлі жанрлардың үйлесімі. Мұнда әлем классикасы да, заманауи әдебиет те, ғылыми-көпшілік кітаптар да бар. Бұл оның жан-жақты тұлға екенін көрсетеді.

 Оқылған топ 10 кітап:
• «Таинственный остров» — Жюль Верн
• «Записки о Шерлоке Холмсе» — Артур Конан Дойл
• «Цирцея» — Мадлен Миллер
• «Приключения Эраста Фандорина» (15 кітаптан тұратын цикл) — Борис Акунин
• «Путь Абая» — Мухтар Ауезов
• Оралхан Бөкеев шығармалары
• «Метро» — Дмитрий Глуховский
• «1984» — Джордж Оруэлл
• «Уравнение Бога: В поисках теории всего» — Митио Каку

 Жоспарда — Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол — тайғақ кешу» шығармасын оқу.

Кітап оқу — бұл тек уақыт өткізу емес, ол — ойды тереңдету, дүниетанымды кеңейту және адам ретінде дамудың бір жолы. Осындай қызығушылық пен ізденіс Алия Уланбековнаға өз ісінде табысты болып, Катонқарағай ұлттық паркінің бірегей табиғатын сақтауға үлес қосуға мүмкіндік береді