«Мен осында болдым» деген жазу қалдырма – бір тал ек те, табиғатқа жақсылық қалдыр! Катонқарағайдың көркем табиғатында кейбір жартастарға есімдер мен туған жерлер аэрозольмен жазылып кетеді. ⠀
«Дембельский камень» деп аталып кеткен жартас. Өрел ауылдық округіндегі Аршаты ауылы маңында орналасқан. Бұл жерге отан алдындағы борышын өтеп келген сарбаздар өз аттарын қалдырып кеткен. ⠀ Иә, Отанға қызмет ету – ерлік. Бірақ сол ерлік табиғатты қорлаумен аяқталмауы керек.
Рахман қайнарына барар жолдағы Республикалық тас жолының бойында орналасқан жартас. Мұнда әртүрлі өңірден келген туристер өз “естелігін” қалдырмақ болып, граффити салып, жазу жазып кетеді. ⸻ Неге зиян?
Аэрозоль құрамындағы химикаттар – тас бетіне еніп, микроағзаларды өлтіреді.
Бұл жерлерде мүктер мен қыналар өседі – бояу солардың бәрін жойып жібереді.
Визуалды ластану – басқа туристерге де теріс үлгі болады: «бәрі жазып жатыр ғой» деген ой қалыптасады.
Бұл жасалған вандализм – табиғаттың «бетін шимайлағанмен» бірдей. ⸻ Табиғат саған таза күйінде есік ашты – сен де артыңнан жазу емес, бір тал отырғызып кет.