ОШжЖДК 2021 жылы 04-ші қараша күні шыққан «Мемлекттік орман қоры аумағында 2021 жылдың өрт қауіпі маусымының аяқталуы туралы» №27-5/238 бұйрығына сәйкес Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бойынша 2021 жылдың өрт қауіпі маусымы 8-ші қарашадан бастап аяқталды.
Биылғы жылдың өрт қауіпі кезеңінде Ұлттық парк бойынша 6 рет орман өрті тіркелді. Жанған жердің көлемі барлығы 5,091 га, соның ішінде орманмен көмкерілген аумақ 5,091 га, соның ішінде жоғарыдағы 0,1 га. Орман өрттерінен келген шығын 8344,0 мың теңгені құрады, соның ішінде өрттерді сөндіру шығындары 2113,4 мың теңге.