AA+
AA+

     Мемлекеттік инспекторларды аттестаттау Бүгін Катонқарағай ұлттық паркінің инспекторлары кезекті аттестаттаудан өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Экология және           табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 25 шілдедегі №173 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылды. Аттестаттау барысында арнайы комиссия инспекторлардың кәсіби               біліктілігін, табиғатты қорғау саласындағы білімін және қызметтік міндеттерді орындау сапасын жан-жақты бағалады.  Мұндай тексерулер үш жылда бір рет өткізіледі, ал           жаңадан қабылданған инспекторлар үшін – алты айдан кейін ұйымдастырылады.  Аттестаттау инспекторлардың білімін жетілдіруге, жауапкершілігін арттыруға және кәсіби       өсуіне ықпал етеді.