AA+
AA+

Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.148): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/br.katonkaragai.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

Катонқарағай ұлттық паркінің орталық кеңсесінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Орманшылардың аса назарын аударған, ол Президент табиғатты қорғауға бағытталған - “ЖЕТІНШІ мәселе. Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі. Біз қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек.” Қазақстанның табиғаты өте бай және алуан түрлі. Алайда орман-тоғайлар жеріміздің 5 пайызын ғана алып жатыр. Табиғаттың әр алуандығын сақтау үшін біз орман алқаптарын көбейтуіміз қажет. Бұл міндет еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін де өте маңызды. Мен Президент болып сайланған күннен бастап осы мәселеге ерекше мән беріп келемін.” Бас директор Жанболат Батталұлы акция мен іс-шаралар арқылы халықтың экологиялық мәдениетін арттырудың маңыздылығын атап өтті.