Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері дәстүрлі «Мектепке жол» акциясына атсалысып, балаларға оқу жылын қуанышпен бастауға арнап мектеп сөмкелері мен кеңсе тауарларын табыстады.
Бұл игі іс-шара жас ұрпақтың білімге деген ынтасын арттырып қана қоймай, оларға қолдау мен қамқорлықтың белгісі болды.