Катонқарағай МҰТП РММ-і жануарларды қорғау және өңдіру бөлімі мамандары бекітілген жоспарға сәйкес жабайы аңдарға бақылау жұмыстарын жүргізіп қайтты.Катонқарағай МҰТП РММ-і аумағында орнатылған фототұзаққа түскен жабайы жануарлардын бір түрі-асыл тұқымды бұғы [ лат. Cervus elaphus[.Марал- асыл тұқымды бұғылардын ішіне кіретін керемет жануар болып табылады.Салмағы 200-350 кг дейін,денесінің биіктігі 1,7 м,денесінің ұзындығы 2,5 метрден асады. Күз айларында үйірге түсіп,көктемде төлдей бастайды.Қысқы мезгілде жүнінің түсі сұр-қоңыр болып,көктемде қызғылт түске өзгереді.Марал мүйіздерінің ерекше емдік қасиеттері өте жоғары бағаланады және басқа жануарларда кездеспейді.МҰТП аумағында көптеп кездеседі.