AA+
AA+

    Қатонқарағай ұлттық паркінің бас директоры Тыныбеков Жанболат Батталұлы Махачкалада (Дағыстан) өткен II Халықаралық «Таулы аумақтарды тұрақты дамыту» форумында модератор және баяндамашы ретінде сөз сөйледі! 3 қазан күні Жанболат Батталұлы біздің ұлттық парктің қызметі туралы баяндап, Катун биосфералық қорығымен трансшекаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Оның баяндамасы «Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану» атты негізгі дөңгелек үстелде оқылды. Бұл жиында мынадай маңызды тақырыптар қаралды: • Таулы аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамыту және табиғатты қорғау арасындағы теңгерімді іздеу. • Таулардың табиғи жүйелерін және биоәртүрлілікті сақтау. Форумға ТМД елдерінен, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері, билік, ғылым және бизнес өкілдері қатысты. Бұл таулы аумақтардың бірегей табиғатын сақтау саласында тәжірибе алмасу және серіктестікті нығайту үшін маңызды алаң болды!