Катонқарағай ұлттық паркіне БҰҰДБ жобасының қортындысымен танысу үшін елшілер келді. Ұлттық парктің бас директоры Ж. Тыныбеков ұлттық парктің жұмысымен және 2018-2024 жж. арналған ГЭФ-БҰҰДБ-ҚР Үкіметі «Әртүрлі пайда алу үшін жаһандық маңызы бар негізгі экожүйелерді сақтау және тұрақты басқару» жобасының қорытындысымен таныстырды. Алтай филиалы Медведка орманшылығындағы Ш. Оразаев атындағы тұқымбағында қонақтарымызды қарсы алып, қазақтын ұлттық тағамдарымен таныстыру, бауырсақ жасау, киіз жасау, қөл өнер, құрақ жасау, балқарағай майын қалай алу керектігі бойынша мастер-класс көрсетілді. Арнайы қонақтарымызға арналған ағаш отырғызу рәсіміде өткізілді. Ең соңында БҰҰДБ бірлесіп жаңартылған Орман жолдары туристік маршруты бойынша экскурсия жүргізілді.