AA+
AA+

Жыл сайын ұлттық парк аумағында жануарларды қорғау шараларына барынша назар аударылып, жануарлардың санын арттыруға мемлекеттік инспекторлар үлестерін қосып келеді. Суық, әрі ұзақ қыс айларында қар қалын түскенде жабайы аңдар шоғырланатын жерлерге жиналған шөптерін,бейнектерін,тұздарын салып отырады.
Инспекторлар аша-тұяқты аңдардың азықтандыру алаңына еркін жету үшін аттарымен жол салды және жаз мезгілінде дайындаған шөппен бейнектерді аңдар жүрген жерге шашып, жем-тұз апарып салып тұрды. Дайындалған шөптер жабайы жануарлардың қыстан қысылмай шығуына үлкен ықпал етеді. Биотехникалық іс-шараларды жүргізуге мекеме бойынша жоспар жасалынып, жабайы жануарларға күтім жұмыстары тұрақты жүргізіледі.