AA+
AA+

    Үлкен құралай (Carpodacus rubicilla) — Алтайда C. r. kobdensis түр тармағымен кездесетін сирек, отырықшы құс.

Бұл құс теңіз деңгейінен 3000 метрге дейінгі биіктікте таралған. Негізінен Сарымсақты және Катун жоталарының альпілік белдеулеріндегі оңтүстікке қараған жартасты беткейлерді мекендейді. Алтайдағы үлкен құралай алғаш рет 2005 жылғы 20 шілдеде Катунь өзенінің жоғарғы ағысында, Белуха тауы маңындағы альпинистік лагерь ауданында байқалған. Сол кезде бір аталық және бір аналық құс тіркелген. Ал Оңтүстік Алтайдағы алғашқы кездесу 2014 жылғы 3 наурызда Сарымсақты жотасының жоғарғы бөлігінде, 2150 метр биіктікте тіркелді. Бұл жерде самырсынды орманның жоғарғы шекарасында 4 дарақ анықталған. Ұя салу кезеңінде де Сарымсақты жотасының биік таулы аймақтарында бұл сирек құстың жеке дарақтары бірнеше рет байқалған.

 Алтайдың әрбір сирек түрі — табиғи мұрамыздың баға жетпес бөлігі. Табиғатты бірге қорғайық!