AA+
AA+

     Үлкен Алтай ТБР аясындағы кездесу

     Катонқарағай ұлттық паркінің қызметкерлері кілем тоқу және киіз басу шебері, ҚР Қолөнершілер одағының мүшесі, облыстық және республикалық «Шебер» қолданбалы өнер байқауларының екі дүркін жеңімпазы — Гүлнар Қожамжарованың шығармашылығымен және тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.  

    Гүлнар апайдың табиғи ресурстарды ұқыпты қолдана отырып, ұлттық қолөнерді сақтап, дамытып отырған еңбегі — Үлкен Алтай ТБР-дың басты қағидаттары — дәстүрлі білім, экологиялық тепе-теңдік және тұрақты өмір сүру салтының нақты көрінісі.  

     Мұндай кездесулер жергілікті қауымдастық пен ұлттық парк қызметінің арасындағы байланыс пен серіктестікті нығайтады.