AA+
AA+

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі, туристік және рекреациялық қызметті дамыту мақсатында № 10, 11, 13 лоттар бойынша жер учаскелерін 49 жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді пайдалануға ұсынады.

Тендерлік өтінімдер тендерді ұйымдастырушыға қолма-қол немесе пошта арқылы келесі мекен-жай бойынша ұсынылады: 070908, Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы, Жәмпейісов көшесі, 16А, «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ ғимараты, қабылдау бөлімі.

Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі: 2026 жылы 30 қараша  сағат 17:30-ға дейін. Тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашу 2026 жылы 01 желтоқсан сағат 10:00-де ұсынымдыдарды қабылдау мекенжайында өткізіледі.

Бекітілген тендерлік құжаттама Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің www.br.katonkaragai.kz ресми сайтында орналастырылған.

Толық ақпарат:Экологиялық ағарту және туризм бөлімі, тел.: 8(72342) 2-97-96; 8-707-966-81-31

Эл.пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

№ 10 лот. Учаскенің орналасқан жері: Берел филиалы, Рахман орманшылығы, 85 орам 19 телім. Объектінің атауы: туристерге қызмет көрсету объектісі. Жер учаскесінің ауданы — 0,9 га.

№ 11 лот. Учаскенің орналасқан жері: Берел филиалы, Рахман орманшылығы, 67 орам 24, 35 телімдер. Объектінің атауы: туристерге қызмет көрсету объектісі. Жер учаскесінің ауданы — 7,9 га.

№ 13 лот. Учаскенің орналасқан жері: Берел филиалы, Рахман орманшылығы, 85 орам 20, 21 телімдер. Объектінің атауы: туристерге қызмет көрсету объектісі. Жер учаскесінің ауданы — 5,2 га.