AA+
AA+

       Катонқарағай ұлттық паркінің Чернова орманшылығында кезекті рейдтік іс-шаралар өтті. Бұл шараның басты мақсаты – жабайы жануарларды қорғау және олардың табиғи ортадағы жағдайларын бақылау.

       Жануарлар әлемін қорғау және өндіру бөлімінің бастығы Е.Қасымов орманшылық инспекторларымен бірлесіп, жабайы жануарлар жүретін соқпақтарға фототұзақтар орнатты. Фототұзақтар жабайы табиғаттың байлығын зерттеп, жануарлардың мінез-құлқын, олардың миграция жолдарын бақылауға мүмкіндік береді.                Мұндай іс-шаралар табиғат қорғау ісінде маңызды рөл атқарады және экологиялық тепе-теңдікті сақтауға ықпал етеді.