Катонқарағай ұлттық паркінің табиғаты — тек әсем көрініс емес, әлемдік ғылымның бір бөлігі.
Солардың бірі — Ирис (қасатик) Людвига (Iris ludwigii, Людвиг құртқашашы).
Бұл сирек өсімдік түрі 1880 жылы атақты ресейлік ботаник Карл Максимович тарапынан сипатталып, Алтай флорасын зерттеген ғалым Юлий Васильевич Людвигтің құрметіне аталған.
Тарих беттерінен:
• 1926 жылы 1 тамызда В. Верещагин жинаған ирис Людвига гербарий үлгісі бүгінде
Орталық Сібір ботаникалық бағының (Новосибирск, РФ) қорында сақтаулы.
• Ал 1928 жылы 3 маусымда Катонқарағай аумағында
Г. Сумневич жинаған үлгі —
Гарвард университетінің (АҚШ) коллекциясында сақтаулы✨
Бұл өсімдік Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген және ерекше қорғауды қажет етеді.
Катонқарағайдан шыққан бір гүл — әлемнің ең беделді университеттерінің бірінде сақтаулы болуы — табиғатымыздың баға жетпес байлығы екенін тағы бір дәлелдейді.



