15.03.2021 жылы «Катонқарағай МҰТП» РММ 2021 жылдың өрт қауіпті кезеңіне дайындығы туралы жиналыс өткізілді. Оған парк қызметкерлері мен Катонқарағай ауданының аудан әкімінің орынбасары, Катонқарағай ауданының ТЖБ басшысы, 7 ауылдық округ әкімдері мен №27-ші өрт сөндіру бөлімінің басшысы қатысты.
Жиналыс барысында 2020 жылдың өрт қауіпті маусымының қортындысы және 2021 жылдың өрт қауіпті маусымына дайындық туралы баяндалды.
Жиналысқа қатысқандар бірлесіп жұмыс істеу керегін, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы жергілікті тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді күшейту керектігін айтты.
Жиналыс қорытындысы бойынша Катонқарағай ауданының әкімшілігі, Катонқарағай ауданының ТЖБ және парк әкімшілігі арасында өрт кезінде бірлесіп жұмыс істеу туралы үш жақты меморандумға қол қойылды.