Катонқарағай ұлттық паркінің қызметкерлері "#ТазаТау2022" халықаралық экологиялық акциясын жалғастыруда, жергілікті тұрғындар да, парк қонақтары да жиі баратын “Әулие бұлақ” маңайынан бастады. Акция ұлттық парктің барлық аумағында жалғасуда.
Бұл акцияның мақсаты жергілікті тұрғындар мен жұртшылықтың назарын ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ластау проблемасына аудару, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу болып табылады.
Қымбатты достар, сіздерді де акцияны қолдауға шақырамыз! Табиғатты бірге сақтайық!
Катонқарағай ұлттық паркінің баспасөз қызметі
Айгуль Нигметова