AA+
AA+

Балық аулаудың тәртібі.

 

Табиғат аясында демалып, заңды балық аулағыңыз келсе,  ең бірінші Катонқарағай МҰТП-де тіркеліп, әуесқой-спорттық балық аулау жолдама алғаныңыз дұрыс. Біздің өңірімізде әуесқойлық (спорттық) балық аулау жүзеге асырылады. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау- бір-бірден аулауға ғана мүмкіндік беретін аулау құралдарымен жүзеге асырылатын, спорттық және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру, спорттық жарыстарды өткізу мақсатында, сондай-ақ аулап алынған өнімді жеке тұтыну үшін балық ресурстарын және  басқа да су жануарларын аулау. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір бір балық аулаушыға бес кг аспайтын ілмектері бар  қармақтардың барлық жүйелерімен жүргізіледі. «ЕҚТА туралы» ҚР Заңының  45- бабының 5- тармағына сәйкес Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи аумағында Қазақстан Республикасыныңзаңнамасына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қортындысы болған жағдайда биологиялық негіздеме негізінде  арнайы бөлінген көлдерінде «жергілікті тұрғындар мен Катонқарағай МҰТП аумағына келген туристарға спорттық-әуесқойлық балық аулауды жүргізуге жолдама беріледің. Әуесқой (спорттық) балық аулау кезінде...  Өзімен бірге:

  • Жолдама (бекітіліп берілген су айдындарында және ЕҚТА кіру үшін);
  • Жеке басты куәландыратын құжат;

Жылтырауық, қармақ алып баруыңызға болады.

Сонымен қатар Заң бұзушылық фактілері тіркелген жағдайда ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің  Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу  383-бабының 3-тармағында көрсетілген.

         Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ өрескел бұзу – әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға –20, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 60, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - 250 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Аудан, ауыл тұрғындарына және шеттен келетін демалушыларға, әуесқой балық аулаушыларға айтарымыз Катонқарағай МҰТП-ң Аршаты орманшылығына қарасты Бұқтырма  (Шәнген)  көлі Ерекше қорғалатын табиғи аумақ туралы заңына сәйкес, экологиялық тұрақтандыру аумағына жататындықтан балықты  жыл көлемінде аулауға қатаң тыйым салынады. Өзен –көлдерімізде мекен ететін балықтардың санының азайып, құрып кетуіне жол бермес үшін қорғау жұмыстарына ат салысайық ағайын.

 

ЖӘҚжӨБ саяткер-биологы А.К.Майлханова.