Катонқарағай ұлттық паркінің аумағында биотехникалық шаралар қарқынды жүріп жатыр.
Паркте жабайы жануарлардың қыс мезгілінде қоректену жағдайын жақсарту мақсатында кешенді биотехникалық іс-шаралар жүргізілуде. 10 орманшылық аумағында инспекторлар жабайы аң-құстардың табиғи тіршілігін сақтау үшін қысқы азық қорын дайындауға жұмылдырылған. Қазіргі уақытта жануарларға арналған бейнек (ағаш бұтақтарынан байланған азық шоғы) толықтай дайындалды. Сонымен қатар шөп шабу және жинау жұмыстары белсенді түрде жүріп жатыр.
Бұл шаралар жабайы жануарлардың қысқы кезеңді қауіпсіз өткеруіне және экожүйенің табиғи тепе-теңдігін сақтауға бағытталған.