AA+
AA+
 
    Күнтізбе бойынша көктемнің алғашқы айы басталғанымен, Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында қыс әлі де өз шебін бермей тұр. Еліміздің оңтүстік өңірлерінде алғашқы гүлдер бүршік жарып жатқанда, Алтай тауларының етегінде қалың қар мен төмен температура сақталуда. Мұндай күрделі климаттық жағдайлар парк инспекторларының жұмысын тоқтата алмайды.
     Қазіргі таңда мемлекеттік инспекторлар бекітілген айналымдар бойынша күнделікті патрульдеу жұмыстарын күшейтілген режимде жүргізіп жатыр. Қардың биіктігі кей жерлерде бір метрден асатындықтан, таулы жерлердегі бақылау жұмыстары негізінен атпен атқарылуда. Инспекторлардың басты міндеті — табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын қадағалау және жабайы жануарлардың қыстау барысына мониторинг жасау.
     Күзет жұмыстарымен қатар, парктің барлық орманшылықтарында жоспарлы биотехникалық іс-шаралар белсенді түрде жалғасуда. Наурыз айы — аң-құстар үшін ең қиын кезең. Қар беті мұзданып, қатып қалған жануарлардың өз бетінше азық табуына кедергі келтіреді. Осыған байланысты, инспекторлар арнайы азықтандыру алаңдарына тұз, жем және бейнектерді тұрақты түрде жеткізіп тұрады. Бұл шаралар жануарлардың қысқы-көктемгі кезеңде аман қалуына және өсімталдығын сақтауына тікелей ықпал етеді.
     Катонқарағай ұлттық паркі табиғат байлығын сақтау жолындағы жұмыстарды ауа райының қолайсыздығына қарамастан жалғастыра береді.