Бүгін Катонқарағай ұлттық паркінің орталық кеңсесінде Бас директор Жанболат Батталұлының төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өткізілді. Кеңес барысында бірнеше маңызды мәселелер қаралып, ұлттық парк қызметінің негізгі бағыттары талқыланды.
Атап айтқанда:
• 05-25 қараша аралығында №02-03/155-Ө бұйрығына сәйкес жүргізілген қызметтік тексерудің қорытындысы: Арнайы комиссия әр филиалда және орманшылықтарда орманды қорғау, өсімін молайту, еңбек тәртібін нығайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстарды тексерді. Нәтижесінде бірқатар жетістіктер мен кемшіліктер анықталып, оларды жою бойынша ұсыныстар берілді.
• 2024 жылғы туристік маусымның қорытындысы: Бас директордың орынбасары Р. Крыкбаева биылғы туристік маусымдағы ақылы қызмет көрсеткіштеріне тоқталып, келесі маусымға дайындық шаралары туралы баяндама жасады.
• Еңбекті қорғау және қауіпсіздік: Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі инженері Г. Исканова кәсіптік тәуекелдерді бағалау қорытындысын ұсынып, жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жоспарланған іс-шараларды таныстырды. Жиында сондай-ақ күн тәртібіндегі басқа да өзекті мәселелер қарастырылды. Отырысқа Бас директордың орынбасарлары, филиал директорлары, бөлім басшылары, инженерлер, орманшылар және заңгерлер қатысты.
Ұлттық парк басшылығы алдағы кезеңде де табиғатты қорғау және тиімді басқару бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды мақсат етіп отыр.