Бүгін Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орталық кеңсесінде Бас директор Жанболат Батталұлының төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Жиынға мекеменің басшылық құрамы мен жауапты қызметкерлер қатысты. Кеңес барысында парк жұмысының қаржылық және құқықтық аспектілері қаралып, негізгі мәселелер талқыланды:
- Бас есепші Любовь Алексеевна 2024 жылғы бюджеттің орындалу барысы туралы есеп беріп, 2025 жылға арналған қаржылық жоспарды таныстырды. Ол алдағы жылы қаржыны тиімді игеру және маңызды жобаларды жүзеге асыру қажеттілігіне тоқталды.
- Мекеме заңгері Талғат Таирович парк қызметкерлерінің заң талаптарын сақтауы мен құқықтық тәртіптің маңыздылығына назар аударды. Сондай-ақ, құқықтық мәселелердің алдын алу және заңнамалық нормаларды жетік меңгерудің қажеттілігі айтылды.
Кеңес соңында Бас директор нақты тапсырмалар беріп, алдағы кезеңге арналған басым бағыттарды айқындады. Ұлттық парктің тұрақты дамуы мен тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында әр бөлімге тиісті міндеттер жүктелді.