AA+
AA+

       Қазіргі уақытта Алтай орманшылығының мемлекеттік инспекторлары күзгі кезеңдегі жабайы аң-құстарға санақ жүргізуде. Бұл жұмыстар орман экожүйесінің жағдайын бақылау, жануарлар дүниесінің санын анықтау және сирек кездесетін түрлердің таралу аймағын белгілеу мақсатында ұйымдастырылған. Санақ барысында инспекторлар орман аумағын жаяу және аnпен аралап, жануарлардың іздері, дауыстары және басқа да белгілері бойынша есепке алады.

      Мұндай іс-шаралар табиғаттағы тепе-теңдікті сақтауға, сондай-ақ аң-құстар популяциясын тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Көпжылдық деректермен салыстырмалы түрде алынған нәтижелер ұлттық парктің ғылыми-зерттеу және қорғау жұмыстарына негіз болады.