Медведка орманшылығында күзгі маусым аясында ақ-құстарға және басқа да жануарларға санақ жүргізілді. Мұндай іс-шаралар орман экожүйесінің жағдайын бақылауға, жануарлар мен құстардың таралу аймағын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, орман қорғау бағытында рейдтік жұмыстар атқарылып, аңшылық пен табиғат пайдаланудың заңдылығына мониторинг жүргізілді. Бұл жұмыстардың басты мақсаты — орманды заңсыз кесуден, өрттен және браконьерліктен қорғау.
Табиғатты қорғау — әр маусымның басты міндеті!