AA+
AA+

       Катонқарағай ұлттық паркінің қызметкерлері “Мемлекеттік орман күзеті, орман өрт сөндіру станциялары қызметкерлерін орман өрттерін сөндіруге оқыту” бойынша қорытынды тестілеуден өтуде. Тестілеуді ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас мамандары С.М. Кабдрахманова, Д.Т. Алматова, Катонқарағай ТЖБ аға анықтаушысы, азаматтық қорғау лейтенанты Серіков А.С. және Катонқарағай әуеден орман қорғау бөлімшесінің нұсқаушысы Д.Ю. Блинов жүргізуде.

      Орман өрттерінің алдын алу мен оларды сөндіру шараларын жетілдіру – қоршаған ортаны қорғау ісіндегі маңызды қадам. Дайындық деңгейін арттыру, жедел әрекет ету дағдыларын дамыту – табиғатты сақтаудың негізгі кепілі.