AA+
AA+

Усть-Язовая орманшылығының мемлекеттік инспекторлары Коробиха және Барлық орта мектептерінің оқушыларына арналған «Қыстап қалатын құстарды қоректендіру» тақырыбында танымдық дәрістер өткізді.

Іс-шара барысында оқушылар өңірімізде қыстайтын құс түрлерімен танысып, қыс мезгілінде қорек қорының азаю себептерін және қыста құстарды сақтап қалуда адамның атқаратын рөлін талқылады.

Оқушылар өз қолдарымен құсқа арналған жемсалғыштар жасап, оларды қолжетімді, әрі алдағы уақытта тұрақты түрде жем салып отыруға ыңғайлы орындарға ілді. 

Бұл — құстардың қыстан аман шығуына үлкен көмек.