Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 10 орманшылығында биотехниялық іс-шаралар қарқынды жүргізілуде. Соның маңызды бағыттарының бірі – жабайы жануарларға арналған бейнек (қысқы азық) дайындау.
Қазіргі таңда ұлттық парк мемлекеттік инспекторлары қыс мезгілінде тұяқты жануарларды табиғи азықпен қамтамасыз ету мақсатында бейнек әзірлеу жұмыстарын қызу атқаруда. Бұл жұмыстар қыстың қатаң кезеңінде жануарлардың қоректік базасын толықтырып, олардың қолайсыз ауа райын аман өткеруіне және табиғи популяциясының сақталуына ықпал етеді



