Ұлттық паркте биотехниялық іс-шаралар жүргізілуде
Ұлттық парктің 10 орманшылығында қысқы кезеңге дайындық аясында биотехниялық іс-шаралар жалғасуда. Жоспарлы жұмыстар жабайы жануарларды қыс мезгілінде қосымша азықпен қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазіргі уақытта мемлекеттік инспекторлар арнайы азықтандыру алаңдарына қажетті азық қорын дайындауда. Атап айтқанда, шөп шабылып, бейнектер әзірленуде. Дайындалған азықтар қыс мезгілінде табиғи қорек қоры азайған кезеңде жабайы жануарларды қосымша қоректендіру үшін пайдаланылады.
Биотехниялық іс-шаралар ұлттық парк аумағында жыл сайын бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіледі. Мұндай жұмыстар жануарлар дүниесін қорғау және жабайы жануарлардың қысқы кезеңнен қолайлы өтуіне жағдай жасауға бағытталған.



