Су айдындары үшін неге маңызды?
Қыс мезгілінде көлдер мен су айдындарының беті қалың мұз және қар қабатымен жабылады. Бұл жағдай суға оттегінің түсуін шектеп, су астындағы ортада оттегі тапшылығын тудырады. Соның салдарынан су экожүйесінің тұрақтылығы бұзылып, тірі ағзалардың жаппай жойылу қаупі туындайды.
Мұндай жағдайда ең алдымен балықтар, су омыртқасыздары, сондай-ақ су өсімдіктері мен микроағзалар зардап шегеді. Оттегінің жетіспеуі олардың тіршілік әрекетін баяулатып, су сапасының нашарлауына әкелуі мүмкін.
Осыған байланысты парк аумағында қысқы кезеңде аэрация жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі. Атап айтқанда, бұл жұмыстар Қаракөл, Қаумыш және Маралды көлдерінде іске асырылады. Аэрация барысында мұз жамылғысында арнайы шағын тесіктер жасалып, суға оттегінің түсуі қамтамасыз етіледі. Бұл мұз астындағы газ алмасуды жақсартып, су экожүйесіндегі табиғи тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.
Аэрация жүргізудің негізгі мақсаты:
• судағы оттегінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету;
• балықтардың қысқы қырылуының алдын алу;
• су айдындарындағы биоалуантүрлілікті сақтау;
• экожүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету.
Қысқы аэрация – су айдындарының экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды табиғат қорғау шараларының бірі болып табылады.



