Ояна сала айналаға қарап, көңілі түсіп кеткендей.
Қысқы ұйқысынан оянған қоңыр аю апанынан шықса… айнала тып-тыныш. Оның үстіне мамыр айының соңына таяғанына қарамастан, қар мен боран.
2026 жылдың 24 мамырында Катонқарағай ұлттық паркінің биік таулы аумағында орнатылған фототұзақ ояна сала қарлы боранға тап болған аюды бейнеге түсіріп алды. Тау етегінде көктем әлдеқашан орныққанымен, биік тауда қыс әлі де өз ызғарын сақтап тұрған.
Биік таулы және жетуі қиын аумақтарында орнатылған фототұзақтар ауа райына және жол жағдайына байланысты оларды 3–6 айда бір рет, ал кейбір нүктелердегі фототұзақтар жылына бір рет қана тексеріледі. Сондықтан фототұзақтарға түскен бейне және фото материалдар түсірілген күннен едәуір кейін жариялануы мүмкін.



