AA+
AA+

Қыс жақын! Катонқарағай ұлттық паркіндегі жабайы жануарларға арналған қоректік қоры дайын: 270 науа, 250 тонна шөп және мыңдаған қорек бірлігі!

Жақын арада Катонқарағай ұлттық паркінің аумағында инспекторлар жабайы жануарлардың Оңтүстік Алтайдың қатаң қысын қолайлы өткізуіне көмектесу үшін биотехниялық іс-шараларды бастайды. Қазіргі уақытта жануарларды суық маусымда қажетті ресурстармен қамтамасыз ету үшін арнайы азықтандыру алаңдарын тексеру және дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жаз мезгілінде инспекторлар бейнек, шөп дайындаумен, сондай-ақ тұз жалақтары мен жем салатын науаларды жаңартумен айналысады. Бүгінгі таңда ұлттық парк аумағында 359 жалақ, 270 науа, 250 тонна шөп, 24 800 бейнек, 27 000 кг тұз және 33 тонна жем дайындалған. Бұл қорлар қыс кезінде жабайы жануарларды табиғи азыққа қолжетімділік шектеулі болған жағдайда қолдауға көмектеседі!