Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жабайы жануарларға арналған азықтандыру алаңдарын жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта таулы аймақтарда қар толық еріп, жануарлар табиғи ортадан өз қорегін еркін табуда. Осы кезеңді тиімді пайдаланған ұлттық парк инспекторлары алдағы қатаң қыс маусымына дайындық жұмыстарын бастап кетті.
Арнайы азықтандыру алаңдары жөнделіп, жаңартылып, қажетті инфрақұрылым ретке келтірілуде. Бұл жұмыстар қыс мезгілінде жануарларды қосымша қоректендіруді уақытылы әрі тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.



